Жыл сайын 31 мамырда Қазақстанда Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні атап өтіледі. Бұл Қазақстан тарихындағы ең қайғылы беттердің бірі.
Осыған орай Абонементер бөлімінде «Ұмытуға болмайтын ұлы зұлмат» атты кітап көрмесі ашылды. Көрмеге бірегей мұрағаттық деректер мен публицистикалық материалдар енгізілген «Ашаршылық. Голод. 1928-1934. Документальная хроника» жинағы, «Трагедия казахского аула 1928-1934», «Красный Террор» кітаптары, сондай-ақ қазақстандық авторлар В. Михайловтың «Великий Джут», Г. Бельгердің «Дом Скитальца», М. Жұбанышұлының «Средь бела дня», Т. Омарбековтың «Халық көтерілісі» секілді көркем шығармалары және сол кездегі қорқынышты оқиғалар туралы материалдарға негізделген көптеген басқа басылымдар қойылған.
Ағымдағы жылдың 16 мамырынан 05 маусымына дейін жұмыс істейтін көрмеге қатысуға шақырамыз.