12 мамырда Л. Н. Толстой атындағы ҚОӘҒК өлкетану әдебиеттері бөлімінің қызметкерлері М. Дулатов атындағы ҚИнЭУ-де ақын Андрей Андреевич Вознесенскийдің туғанына 90 жыл толуына арналған «Я пролётом в тебе, моя жизнь!» атты кеш-коллаж өткізді.
Андрей Вознесенский алпысыншы жылдардағы әйгілі ақындардың ішінде алдыңғы қатарда тұрған және не айтарын ешкім болжап болмайтын адам болды. Ол ешқашан бір орында тұрып қалмады, ешқашан үйреншікті, таптаурын болған жолмен жүрмеді, өмір бойы тәжірибе жасауды, жаңа формалар, стильдер, жанрлар ойлап табуды ұнатты. Оның шығармашылығының ешкімге ұқсамайтындығы іс-шараның ерекше түрде ұйымдастырылуын талап етті, соған орай кеш-коллаж ойластырылды. Онда ақынның өмірінен алынған үзінділер бейнероликтермен және облыстық орыс драма театрының әртістері Татьяна Захарченко мен Сергей Щербининнің өлеңдер оқумен ұштастырылды.