Андрей Андреевич Вознесенский 1933 жылы 12 мамырда
Мәскеуде дүниеге келген. Андрей Вознесенский – ХХ ғасырдың кеңестік классикалық
ақыны. Хрущевтің «жылымығы» кезінде кеңінен танымал болған алпысыншы жылдардың
жарқын өкілі поэзия ғана емес, публицистика да жазды. Андрей Вознесенский өзін
әнге өлең жазатын ақын ретінде көрсетті. Оның шығармашылығын билік онша
құптамады, соған қарамастан Андрей Андреевич КСРО мемлекеттік сыйлығының
лауреаты болды. Вознесенскийдің лирикасы оған риза оқырмандар арасында ерекше
сұранысқа ие.
Ол өлеңді мектепте жүріп жаза бастады. Борис
Пастернактың шығармашылығын қатты ұнатқан Вознесенский алтыншы сыныпта жүріп
оған өзінің өлеңдерін жібереді. Ақын жасөспірімнің шығармашылық талпынысын оң
бағалап, оны қонаққа шақырды. Бұл Вознесенскийдің болашақ тағдырын анықтады.
1957 жылы Андрей Вознесенский Мәскеу сәулет институтын
бітірді.
Ақын
Вознесенскийдің шығармашылық өмірбаяны өте тез дамыды. 1958 жылы поэзия
әуесқойлары оның өлеңдерімен алғаш рет танысты. Олар ерекше, әсерлі, айшықты
метафораларға толы болып көрінді. Вознесенскийді оқу оңай емес, оның әр жолының
астында астар жатады.
Ол аудармамен көп айналысты, әлемнің он академиясының,
соның ішінде Ресей білім академиясының, Америка әдебиет және өнер академиясы,
Бавария өнер академиясы, ағайынды Гонкурлардың Париж академиясы, Еуропалық
поэзия академиясының және басқалардың академигі және құрметті мүшесі болды. |