Николай Алексеевич Заболоцкий
1903 жылы 24 сәуірде (7 мамырда) Қазан маңында дүниеге келді. Оның балалық шағы
Кизическая слободада өтті. Заболоцкийдің әдеби таланты ерте жастан пайда болды.
Мектептің үшінші сыныбында ол өз өлеңдерін жазып жүретін қолжазба журнал жасап
алды.
Николай
Алексеевич Заболоцкий – орыс ақыны, аудармашы, «Слова о полку Игореве»
поэтикалық аудармасының авторы, «ребус өлең» деп аталатын жанрды жасаушы.
ОБЕРИУ ақын-философтарының достастығын құрушы және КСРО Жазушылар одағының
мүшесі.
1913 жылы Заболоцкий Уржумдағы
орта оқу орнына түсті. Ақын химияны, тарихты, сурет салуды ұнатады, Блоктың
шығармашылығымен танысады.
1920 жылы Заболоцкий Мәскеу
университетінің медицина факультетіне оқуға түседі. Алайда алты айдан кейін ол
оқуын тастап, үйіне оралады. Көп ұзамай ол Петроградқа көшіп, Герцен атындағы
педагогикалық институтының тіл және әдебиет бөліміне оқуға түседі. 1925 жылы
ЖОО бітіреді.
1929 жылы ақынның «Столбцы» атты
алғашқы жинағы жарық көрді, ол сыншылардың арасында талас тудырды. 1933 жылы
«Торжество земледелия» поэмасы жарық көрді, онда автор көптеген философиялық
және моральдық мәселелерді қозғады. Көп ұзамай Заболоцкий «Чиж» және «Еж» атты балалар журналдарында жұмыс істей бастайды.
1937 жылы оның «Вторая книга» атты жинағы жарық көрді.
1938 жылы Заболоцкий кеңеске қарсы
үгіт-насихат жасады деп айыпталып, қамауға алынды. 1946 жылға дейін ақын
лагерьлерде, алдымен Комсомольск-Амур маңында, содан кейін Алтай, кейін
Қарағанды лагерінде отырды. 1946 жылы Мәскеуге оралып, қайтадан Жазушылар одағына
кіреді, Руставелидің «Витязь в тигровой шкуре» поэмасын
аударды. Заболоцкий 1958 жылы 14 қазанда Мәскеуде қайтыс болды.
|