6 мамырда Өлкетану әдебиеттері бөлімінің қызметкерлері № 2 мектеп-гимназия оқушылары үшін Жеңіс күніне арналған «Тарихыңды есте сақта, мақтан тұт!» атты тақырыптық квест өткізді.
Командаларға арналған тапсырмалар қостанайлықтардың Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске қосқан үлесі туралы мүмкіндігінше көп ақпарат беретіндей етіп жасалды. Ұйымдастырушылар оқушыларды белсенді зияткерлік демалысқа тартуды, олардың азаматтық сезімін қалыптастыруды, өскен өлкесіне деген сүйіспеншілігін және отаншылдықты тәрбиелеуді мақсат етті.
Іс-шара оның барлық қатысушыларының қызу қолдауын тудырды, қызықты, қызу өтті және танымдылығы мол болды. Балалар уақытын қызықты өткізіп қана қоймай, көптеген жаңа нәрселерді білді, сонымен қатар өз Отанының ерлікке толы тарихына қатысы барын сезінді.