Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Жеңіс даңқы өшпейді»
02.05.2023

Әмбебап оқу залы назарларыңызға «Жеңіс даңқы өшпейді» көрме-естелігін ұсынады. Көрме Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері халқының Ұлы Отан соғысындағы ерлігі мен жеңісіне арналған.

Ұлы Отан соғысындағы жеңіс – бұл біздің ортақ тарихымыз, бұл бостандық пен тәуелсіздік үшін күрескен жауынгерлердің жауынгерлік бауырластығы, теңдесі жоқ батылдығы мен ерлігі туралы естелік. Жыл сайын 9 мамырда қазақстандықтар майдан мен тыл қаһармандарын, Қазақстан батырларын, өзінің ерлігімен және еңбегімен 1945 жылғы жеңісті жақындата түскен әйелдер мен еркектерді ризашылықпен еске алады!

Қазақстандық авторлардың кітаптары ерекше қызығушылық тудырады. Олардың арасында Л. Ю. Гирш пен Л. Б. Мананникованың «Сквозь пламя войны» атты бірлескен еңбегі бар. Кітаптан оқырман сол ұлы және қайғылы оқиғаларға қатысушылардың, «соғыс балаларының» естеліктерін, Ұлы Отан соғысы кезіндегі артиллериялық бригаданың қолжазба журналының беттерін таба алады. «Пока бьется сердце» кітабы Қазақстаннан келген қыздардың майдандағы тағдыры туралы баяндайды. Оқырман тағы да Кеңес Одағының Батырлары М. Мәметова, А.Молдағұлова, Н. Ковшовамен кездеседі, медбике М. Кухарскаяның, әскери дәрігер Р. Мақашеваның, штурман Х. Доспанованың, радио операторы Ш. Құсанованың майдандағы тағдырымен танысады.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus