Жеңіс күні қарсаңында кітапхана фойесінде «Соғыс пен жеңіс жайындағы кітаптар» атты кітап көрмесі жұмыс істей бастады. Ұлы Отан соғысы көптеген жылдар бойы жазушылар мен ақындар үшін сарқылмас шабыт көзі болып келеді. Осы тақырыптағы көптеген шығармалар отандық және әлемдік әдебиеттің алтын қорынан лайықты орын алды. Кітап көрмесінде кітапхана қорында бар түрлі жанрлардағы көптеген тақырыптық кітаптар: тарих және әскери іс бойынша еңбектер, деректі басылымдар, көркем проза, поэзия ұсынылған.
Көрменің «Соғыс» деп аталатын бірінші бөлімі соғыстың деректі тарихын ұсынады. Бұл жерден фотоқұжаттарды, хаттар мен куәгерлердің әңгімелерін, өмірде орын алған оқиғаларды табуға болады. Бұлар – «Блокада» халықтың естелік кітабы, «Свет Победы» және «Казахстан в годы Великой Отечественной войны» фотокітапртары, Нобель сыйлығының лауреаты Светлана Алексиевичтің «Последние свидетели», «У войны не женское лицо» кітаптары, «100 великих полководцев Второй мировой» жинағы, «Казахстанцы в великой отечественной войне» құжаттар жинағы.
Соғыстың негізгі шайқастары туралы құжаттар баяндайды, ал адамдардың сезімдері, олардың ойлары мен армандары туралы майдангерлер арасында көп болған жазушылар мен ақындар айтып береді. Сондықтан «Жеңіс» деп аталатын көрменің екінші бөлімінде Б.Момышұлы, М. Ғабдуллин, Қ. Қайсенов, Б. Васильев, К. Симонов, А. Бек, В. Быков, Б. Полевойдың және т. б. шығармалары ұсынылған.