27 сәуірде Әмбебап оқу залы Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Туған жердің тұтастығы – бақытымыз» этношатырын өткізді.
Іс-шарада қазақ халқының музыкалық мұрасы, облыс этностарының ән-би шығармашылығы ұсынылды.
Кездесу барысында көп ұлтты Қазақстан халқының тарихы мен мәдениеті жайындағы, елдегі тілдік және этномәдени ахуал жайындағы және халықты біртұтас ұлт болып бірігуге шақыратын «Бірлік пен ынтымақ – бақытты өмірдің кілті» атты кітап көрмесі қойылды. Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісінің негіздері жайындағы «Қазақстан бірлік және келісім мекені», «Біз тұратын үй» кітаптары үлкен қызығушылық тудырды.