26 сәуір күні Өлкетану әдебиеттері бөлімінде Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, облыстық «Қостанай таңы» газетінің тілшісі Жандос Жүсіпбекпен «Келші, енші жүректің құшағына!» атты кітапханалық журфикс өтті.
Жандос Жүсіпбек – жас, өзіндік қолтаңбасы бар және талантты ақын, көптеген әдеби байқаулардың жеңімпазы. Оның поэтикалық шығармашылығы өзінің оқырмандары мен жанкүйерлерін тапты. Іс-шараның қонақтары тек шығармашылық зиялы қауым өкілдері мен журналистер ғана емес, сонымен қатар студент жастар, көркем сөздің құдіретін мойындайтындар және кітап пен кітап оқуды ұнататындар болды.