Құрметті оқырмандар! Өлкетану әдебиеттері бөлімі Қостанай елді мекеніне қала мәртебесінің берілгеніне 130 жыл толуына арналған «Менің қалам – менің тағдырым» атты кітап көрмесін ұсынады.
Көрмеде қаланың даму тарихын көрсететін басылымдар қойылған. Олардың көпшілігі қала тұрғындары мен қала қонақтары үшін қызығушылық тудырары сөзсіз. Оқырмандар Қойшы Шайхыұлы Сәрсенкелдітегінің «Қос Танай» және И. К. Терновойдың «Костанайская область: прошлое и настоящее» сияқты кітаптарымен және басқа да басылымдармен таныса алады.