1918 жылы 23 сәуірде Шығыс Қазақстан
облысы Ұлан ауданының Асубұлақ кентінде дүниеге келген.
Қасым Қайсенов – Қазақстан
Республикасының Халық қаһарманы, А.Фадеев атындағы халықаралық әдеби сыйлықтың
лауреаты, Ұлы Отан соғысының ардагері. Ұлы Отан соғысының ең қиын кезеңдерін,
қарапайым сарбаздардың жанқиярлық ерлігін шынайы сипаттаған көптеген шығармалардың
авторы. Автордың көптеген шығармалары орыс, украин және басқа тілдерге
аударылды.
Ардагер партизан ұзақ уақыт
«Жазушы» және «Қайнар» баспаларының редакторы, редактордың орынбасары болды.
1954 жылы Қ. Қайсенов өзінің «Жас
партизандар» атты алғашқы кітабын шығарды. Осылайша оның әдеби қызметі
басталды, оны Қ. Қайсенов батырлық-патриоттық тақырыпқа арнады. Оқырмандар
оның «Илько Ветряк», «Ажал аузынан»,
«Жау тылындағы бала», «Днепрде» кітаптарын жақсы біледі.
Богдан
Хмельницкий, І дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, «Еңбегі үшін» орденімен,
Чехословак партизанының белгісімен, КСРО мен шет елдердің 25 медалімен, Қазақ
КСР мен Украина КСР Құрмет грамоталарымен марапатталған. Егемен Украина Үкіметі
оны III және II дәрежелі «За особые заслуги» ордендерімен марапаттады.
|