18 сәуірде кітапханада «ART-Костанай» сериясы бойынша жарық көрген «30 шебер» көркем альбомының екінші кітабының тұсаукесері өтті.
Серияның алғашқы кітабы қостанайлық суретші Георгий Михайлович Соковтың шығармашылығына арналды.
Тұсаукесерге басылымның бастамашысы және қостанайлық суретшілер туралы мәтіндердің авторы журналист Станислав Киселев қатысты. Ол альбом жасау идеясының қалай туғаны туралы, авторлармен бірлесіп істелген жұмыстар туралы айтып беріп, басылымға қызығушылық танытқандардың барлығына алғысын білдірді.
Тұсаукесерге қаланың суретшілері мен колледж студенттері келді, хор ұжымы қонақтарға өздерінің музыкалық нөмірлерін ұсынды.