Әмбебап оқу залы «Қостанай педагогикалық колледжі» КМҚК қабырғасында «Мүмкіндігі әртүрлі, құқығы тең» атты ақпарат сағатын өткізді.
Іс-шара Қазақстандағы инклюзивті білім беруді дамыту тақырыбына арналған. Инклюзивті білім беруді дамыту – бұл мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған білім беруді ғана емес, бүкіл білім беру жүйесін дамыту. Бұл барлығына тең құқылы және тең жағдайда білім алуға мүмкіндік береді. Спикер ретінде «Қостанай қаласының білім бөлімінің Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінің» инклюзивті білім беру ресурстық орталығының әдіскері Дубовик Ольга Валерьевна шақырылды.
Іс-шара қонақтарының назарына «Мүмкіндігі әртүрлі, құқығы тең» атты кітап көрмесі, тақырыптық бейнеролик ұсынылды.