14 сәуірде Л. Н. Толстой атындағы ҚОӘҒК қонақжайында қостанайлық ақын, жазушы, аудармашы, өлкетанушы Владимир Александрович Лоскутниковты еске алуға және қостанайлық жазушы, журналист, өлкетанушы, қоғам қайраткері Семен Семенович Ужгиннің 140 жылдығына арналған «Костанай литературный» атты Лоскутников өлкетану оқулары өтті.
Владимир Александрович Лоскутников пен Семен Семенович Ужгиннің шығармашылығы – әдебиетке, Отанға және туған жерге деген шынайы сүйіспеншіліктің жарқын үлгісі.
Оқуда белгілі әдебиетшілер мен филология студенттері Қостанай әдебиетін дамытудың түрлі аспектілері бойынша баяндамалар жасады. Содан кейін сындарлы және барлығы қызығушылық танытқан пікірталас өтті.