Әбдіқадыров Қалмақан 1903 жылы Сырдария облысының Перовск уезінде (қазіргі Қызылорда облысының Шиелі ауданының аумағы) дүниеге келген. Өз бетінше білім алған. 1925 жылы ауылдан қалаға келіп, «Еңбекші қазақ» газетінің редакциясына делбеші болып жұмысқа тұрады. 1925 жылы алғашқы «Сырдария» өлеңі жарыққа шығады. «Жалшы» атты алғашқы өлеңдер жинағы 1927 жылы жарық көрді.
1932–1936 жылдар аралығында «Социалистік Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі және әдеби қызметкері, «Әдебиет майданы» журналы директорының орынбасары болып жұмыс істеді. 1936–1938 жылдары Қазақстанның кеңестік жазушылар одағы жанындағы Әдеби қордың директоры, 1938–1939 жылдары Жамбыл Жабаевтың әдеби хатшысы болды.