«Парасат жолы» орталығында Қостанай қаласы «AMANAT» партиясының «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы Руслана Ғабитқызы Қапаровамен кездесу өтті.
Әңгіме барысында Руслана Қапарова жастар қанатының отаншылдық пен азаматтық ұстанымды қалыптастырудағы басымдықтары туралы айтып берді. Білім беру бағдарламалары шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа тән мінез-құлыққа төзбеушілікті қалыптастырудың барысы туралы айтты. Танымалдығы күн сайын артып келе жатқан еріктілер қозғалысына егжей-тегжейлі тоқталып, жастар қанатының жобалары, атап айтқанда «Сөйле» әңгіме клубы туралы айтып берді.
Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://www.youtube.com/watch?v=Wo11s_RuWdk