6 сәуірде Л. Н. Толстой атындағы ҚОӘҒК өлкетану әдебиеттері бөлімінің қызметкерлері «Өнер керуені» жобасы аясында белгілі қостанайлық жазушы және педагог Александра Ильинична Суслованың Федоров ауданының Пешков және Баннов ауылдарындағы оқырмандармен кездесуін ұйымдастырды. Аталған елді мекендердің тұрғындары «Өнер керуені» жобасына қатысушыларды, оның ішінде Александра Ильиничнаны қуана қарсы алды. Кездесу біртіндеп оқырмандардың сүйікті авторымен шынайы, эмоционалды әңгімесіне көшті. Қатысушылар одан шығармашылығы туралы, сүйікті авторлары мен жаңа кітаптарының қашан шығатыны туралы сұрады. Жылы жүздесуден жігерленген қаламгер өз кезегінде барлық сұрақтарға егжей-тегжейлі және қызықты жауап берді.