Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Сәуір айының мерейгер жазушысы: Томас Майн Рид
04.04.2023

Томас Майн Рид 1818 жылы 4 сәуірде Ирландияның шағын Баллирони ауылында дүниеге келген. Діни отбасында тәрбиеленген.

Қызықты шытырман оқиғалы романдардың авторы Майн Рид көзі тірісінде аса танымал болған жоқ. 60-тан астам кітабының біреуі ғана – «Всадник без головы» көпшілікке қатты ұнады. Жазушының өмірі кейін шығармаларынан көрініс тапқан оқиғаларға бай.

Бала кезінен Майн Рид кедейліктің не екенін біліп өсті. Ата-анасы аш қалмау үшін көп жұмыс істеуге мәжбүр болды. Майн да қара жұмыстан қашқан жоқ. Кейін бұл оған даладағы қатал жағдайларға бейімделуге және табысты әскери мансап құруға көмектесті.

Әкесі Майнның өзі секілді діни қызметкер болғанын қалады. Сол себепті 1834 жылы қыркүйекте ол Белфаст корольдік академиялық институтына оқуға түсті. Онда ол төрт жыл оқыды, бірақ оқуды аяқтауға шыдамы жетпеді. Рид туған ауылына оралып, мектепте сабақ бере бастады.

22 жасында Майн Рид АҚШ-қа, содан кейін Мексика соғысына газеттердің бірінде тілші болып жұмыс істеуге барады. Оған журналистік жұмыс қатты ұнайды, бірақ 1848 жылы аяғынан ауыр жарақат алады. Ол қызметтен босатылады. Америкаға оралуға мәжбүр болған ол енді әскери тілші бола алмайды. Рид коммерциялық жұмыс істеп көреді, бірақ сәтсіз болады. Содан кейін ол өзін әдеби салада сынап көруді шешеді. Бірінші және одан кейінгі шығармалары да өмірбаяндық болып шығады. «Вольные стрелки» деп аталатын бірінші романның сюжеті Майн Ридтің екі жыл ішінде соғыста өзі куә болған оқиғалардан тұрды.

Ол қайтыс болғаннан кейін Америка мен Англияда жазушыны баспагерлер де, оқырмандар да ұмыт қалдрғандай болды. Бірақ Ридтің кітаптары (әсіресе «Всадник без головы») Ресейде өте танымал болды. Кітаптар патша кезінде де, КСРО-да да басылып тұрды. Ридтің орысша аудармалары өте танымал болды. 1973 жылы  «Всадник без головы» КСРО-да экранға шығарылады. Бірақ «Капитан Майн Ридтің» отанында ол қайтыс болғаннан кейін ұмыт қалады. ХХ ғасырдың басында ғана шытырман оқиғалы әдебиетке деген жаңа қызығушылық толқынында оның кітаптары өз оқырмандарымен қайта қауышады. Кейіннен романдар қайтадан танымал болды, олар миллиондаған тиражбен шықты. Бірақ Томас Майн Ридтің өзі мұны көрген жоқ.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus