Құрметті оқырмандар! Әмбебап оқу залы назарларыңызға «Қос жүректің лүпілі» атты кітап көрмесін ұсынады.
15 сәуір дәстүрлі түрде Қазақстанда Ғашықтар мерекесі ретінде атап өтіледі және қазақтың «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» аңызындағы кейіпкерлердің ұлы махаббатына арналады.
Көрмеге белгілі повестер, поэмалар, өлеңдер, қазақ әдебиетінің эпосы, махаббат туралы шығармалар: Әзілхан Нұршайықовтың «Мәңгілік махаббат жыры», «Махаббат қызық мол жылдар» кітаптары, қазақтың атақты аңыздары «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек» қойылған.
Көрме ағымдағы жылдың сәуір айының соңына дейін жұмыс істейді.