Өнер туралы әдебиеттер бөлімінің қызметкерлері Қостанай қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығында Наурыз мейрамына арналған «Жылағанға демеу болар жылы сөз бен игі істер» атты көшпелі іс-шара өткізді. Тәрбиеленушілерге «Мы чтим кухню народа» ұлттық ойын бағдарламасы, «Наурыз мейрамы» балалар суреттері байқауы, «Көтермек» ойыны ұсынылды. Бұл күні барлық қатысушылардың көңіл күйлері керемет болды, балалар алғыс сөздерін айтып, бір-бірін құшақтап ұлттық дәстүрді еске түсірді, ойындар мен байқауларға қатысты, ән айтып, би биледі. Іс-шара соңында қонақтарға мереке үшін алғыс білдіріп, оларға зор денсаулық, бақыт, махаббат, жақсылық пен амандық тіледі.