16 наурыз күні
«Қостанай қаласы білім бөлімінің № 24 мектеп-гимназиясы» КММ оқушылары үшін
кітапхана бойынша шолу экскурсиялары өтті. 200 оқушы Л. Н. Толстой атындағы
Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының жұмысымен танысты.
Балалар Абонементтер
бөлімін үлкен қызығушылықпен аралап, бөлім қорымен танысты, отбасылық оқу
бұрышын қызығушылықпен тамашалап, спорт, шетел тілдері және қызық ғылымдар
әдебиеттеріне қызығушылық танытты.
Өнер туралы
әдебиеттер бөлімінде беттері сөйлейтін қаламның көмегімен оқылатын «Даналық
әліппесі» - «Азбука мудрости» зияткерлік интерактивті кешенімен танысты.
Қолөнер және оригами энциклопедияларын тамашалады.
Ақпараттық-библиографиялық
қамтамасыз ету бөлімінде Виртуалды анықтамалық қызмет пен Құжаттарды электронды
жеткізу қызметінің жұмысы туралы білді. Бұл бөлімде Гиннестің рекордтар
кітаптары мен Қазақстанның өсімдіктер мен жануарлар әлемі туралы
энциклопедиялар балалардың шынайы қызығушылығын тудырды.
Сирек кітап
қорында басылымдардың коллекцияларымен танысты.
Америка
бұрышында ағылшын грамматикасы бойынша басылымдармен, өздігінен үйреткіштермен
танысты.
Кітапханаға
экскурсия барысында оқушылар көптеген сұрақтар қойып, жаңа нәрселерді білді
және көптеген жағымды эмоциялар алды. |