13 наурызда Өлкетану әдебиеттері бөлімінің қызметкерлері қонақжайда жазушы, ақын, драматург, журналист, публицист және қоғам қайраткері Максим Горькийдің туғанына 155 жыл толуына арналған безендірілмелі кітап көрмесін ұйымдастырды.
Максим Горький (әдеби лақап аты, шын аты және тегі – Алексей Максимович Пешков) – көрнекті жазушы, ХХ ғасырдың ең танымал авторларының бірі. Оның атын әлемге әйгілі еткен «Мать», «Жизнь Клима Самгина» романдары, «На дне» пьесасы, «Детство», «В людях» және «Мои университеты» повестері, «По Руси» әңгімелер циклі, «Песня о Буревестнике» дастаны болды.
Көрмеде М. Горькийдің әр жылдары баспадан жарық көрген шығармалары, ол туралы естеліктер және оның шығармашылығы туралы монография ұсынылған.