2 наурыз күні кітапханада Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 14 негізгі орта мектебі» КММ орта сынып оқушылары үшін экскурсия өтті.
Оқушылар Америка бұрышымен танысып, ағылшын тілінің грамматикасы бойынша кітаптарға, өздігінен үйреткіштерге көңіл бөлді. Дэвид Картердің балаларға арналған көркем суретті «Желтый квадрат» және «Большая красная точка» кітаптарына қызығушылық танытты. Үстел ойындарын ойнады және сирек кітаптар мұражайында болды.