Құрметті оқырмандар! Әмбебап оқу залында қазақстандық өлкетанушы, географ, қоғам қайраткері, ғалым-этнограф Серікбол Қондыбайдың туғанына 55 жыл толуына арналған кітап көрмесі дайындалды.
Кітап көрмесінде ұсынылған әдебиеттердің ішінде Серікбол Қондыбайдың қазақ тілінде жарық көрген «Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары» атты ғылыми еңбегі ерекше назар аударады. Ақпараттық шолу түрінде жазылған кітап Маңғыстау мен Үстірттің киелі жерлері туралы әңгімелейді. Кітап көрмесінде орналасқан QR-кодының көмегімен ғалымның өмірбаянымен танысуға болады.
Барлық ниет білдірушілерді жыл бойы жұмыс істейтін кітап көрмесімен танысуға шақырамыз.