Көктемнің алғашқы күнінде Қазақстанда Алғыс айту күні мерекесі атап өтіледі. Бұл күн Қазақстанның соңғы жүз жылдықта басынан кешкен тарихи оқиғаларының көрінісі болып табылады. Мереке көп ұлтты ел халқының арасындағы достықтың, мейірімділік пен келісімнің көрінісі болуға, оны одан әрі нығайтуға арналған.
Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы қазақстандықтарды аталған мерекемен құттықтайды және назарларыңызға «Алғыс айту күні – бірлік мерекесі» бейнеролигін ұсынады.
Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://www.youtube.com/watch?v=sEb13Yu71zE