Людмила Улицкая – орыс жазушысы, сценарийші, «Казус Кукоцкого», «Даниэль Штайн, переводчик» романдарының авторы. 1943 жылы 21 ақпанда Башқұрт АССР Давлеканово қ. дүниеге келді, 1945 жылы отбасы Мәскеуге көшіп келді.
Білімі бойынша биолог-генетик. Еврей театрында үш жыл жұмыс істеді. 1980-1990 жылдардың басында Улицкаяның сценарийлері бойынша түсірілген «Сестрички Либерти» және «Женщина для всех» фильмдері шықты.
Негізгі жұмысының сыртында Улицкая моңғол тілінен өлеңдер аударды. 80-ші жылдардың аяғынан бастап Улицкаяның повестері мен әңгімелері түрлі жинақтарда пайда бола бастады.
1992 жылы «Новый мир» журналында жарияланған «Сонечка» повесі жазушының атын шығарды. 1996 жылы сол «Новый мир» журналында «Медея и ее дети» романы жарық көрді. Людмила Евгеньевнаның шығармалары жиырма бес тілге аударылды.