«Слабое звено» зияткерлік ойыны
17.02.2023
17 ақпанда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК көру қабілеті бойынша мүгедектермен «Слабое звено» зияткерлік ойыны ұйымдастырылды. Ойынның алдында жарыстың шарттары түсіндірілді, ойынның өзі 8 раундтан тұрды. Раундтардағы сұрақтар білімнің түрлі саласына қатысты болды. 9 адамнан тұратын команданың міндеті жүргізушінің сұрақтарына тез және дұрыс жауап беру болды.
Қазылар алқасы жиналған балдарды мұқият қадағалап, әр раундтың әлсіз және мықты ойыншысын анықтап отырды. Қатысушылар күтпеген сұрақтарға жауап беріп, білімділік мен тапқырлық танытты. Ең көп ұпай жинаған ойыншылар жеңімпаз атағы үшін күресті, жеңімпаз атағы Андрей Зелевскийге бұйырды.
Іс-шара нәтижесінде қатысушылар қызықты ойыннан жаңа білім алып, көңілдерін көтеріп қайтты.
Ойын барысын тамашалаған көрермендер үлкен әсер алып тарасты.