Жюль Верн – француз жазушысы, ғылыми фантастика мен шытырман оқиғалы әдебиеттің классигі, «Дети капитана Гранта», «Двадцать тысяч лье под водой» секілді әлемге әйгілі романдардың авторы. Жюль Верннің өмірі саяхатқа, соның ішінде теңіздегі саяхатқа және оның жұмысында көрініс тапқан қызықты оқиғаларға толы. Болашақ жазушы 1828 жылы 8 ақпанда Нант қ. дүниеге келген. Жюль Верн Парижде заңгердің оқуын оқыды, сонымен бірге жазумен де белсенді айналысты. Ол Париж театрларына әңгімелер мен либреттолар жазды. Олардың кейбіреулері сахналанды, тіпті танымал да болды. Алайда оның алғашқы шынайы әдеби шығармасы 1864 жылы жазылған «Пять недель на воздушном шаре» романы болды.
Жюль Верн шығармашылығын құрметтеушілер жер жүзінде көптеп саналады. Оның кітаптарын үлкендер де, балалар да оқиды. Оның шығармалары бойынша бүкіл әлемде кинофильмдер түсірілді, ал кішкентай көрермендер үшін мультфильмдер түсірілді. Оның фантастикалық оқиғаларының көптеген деректері шындыққа айналды.