3 ақпанда кітапхананың қонақжайында Өлкетану әдебиеттері бөлімінің әдеби-ақпараттық секторы А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ профессоры, философия ғылымдарының кандидаты, ҚР Үкіметі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің мүшесі Юрий Яковлевич Бондаренконың75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өткізді.
Юрий Яковлевич – тарихи, мәдениеттану, дінтану тақырыптарындағы 470 астам ғылыми және ғылыми-көпшілік жұмыстардың авторы. Юрий Яковлевичтің көптеген кітаптары біздің кітапхананың қорына қойылған.
Кездесу сұхбат түрінде өтті: мерейтой иесіне оның қазіргі заманғы мәдениет деңгейіне, ғылыми жұмыстарының тақырыбына, кәсіби және педагогикалық қызметіне қатысты бірқатар сұрақтар қойылды. Сұрақтар құрамында студенттер мен жоғары сынып оқушылары болған кездесуге келген жұрттан да түсіп жатты. Іс-шара қатысушылардың көңілінен шықты, қатысушылар мұндай кездесулер жақсы дәстүрге айналатынына сенім білдірді.