Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Ақпан айының мерейгер жазушысы: Михаил Михайлович Пришвин
03.02.2023

  Михаил Михайлович Пришвин – белгілі кеңес жазушысы, прозашы, публицист. 1873 жылы 4 ақпанда Орел губерниясының Хрущев-Левшино ауылында көпестер отбасында дүниеге келген. Балаларға арналған көптеген шығармалардың, табиғат пен аңшылық туралы әңгімелердің авторы. Суретке түсіруді байыпты зерттеп, кітаптарын өз суреттерімен безендірді. 1906 жылы алғаш рет «Сашок» атты әңгімесі жарық көрді. Содан кейін   «В краю непуганых птиц», «За волшебным колобком», «У стен града невидимого» кітаптары очерктермен шықты. 1912 жылдан 1914 жылға дейін жазушының алғашқы шығармалар жинағы жарық көрді. Пришвиннің ең танымал шығармалары – «Кладовая солнца», «Лисичкин хлеб», сонымен қатар өзінің көптеген саяхаттарында жүргізген күнделіктері де құнды дүниеге айналды. Михаил Пришвиннің барлық шығармалары жазушының қоршаған табиғатқа деген ерекше көзқарасын сезінуге болады. Жазушыға Сергиев Посад қ. 2014 жылы қола ескерткіш орнатылды, ал 2015 жылы ол жазушының туған күнінде салтанатты түрде ашылды.


 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus