Құрметті
оқырмандар, Л. Н. Толстой ат. ҚОӘҒК өлкетану әдебиеттері бөлімі көрнекті ақын,
халық жазушысы, қазақ поэзиясының жарық жұлдызы, жерлесіміз Ғафу Қайырбековтің
туғанына 95 жыл толуына арналған «Өлді деуге бола ма, өлмес өлең жазғанды» атты
виртуалды акциясын бастады.
1941 жылы 13 жасында «Ана қуаты» атты алғашқы өлеңін жариялады. «Құрдастар»
атты алғашқы өлеңдер жинағы 1954 жылы жарық көрді. Ғ. Қайырбеков өз
шығармаларында еңбектегі ерлікті, отаншылдықты және халықтар достығын
дәріптеді. Оның көптеген өлеңдері туған жері Қостанай өлкесіне: оның
табиғатына, тарихына, еңбекқор және қайырымды адамдарына арналған. Атап
айтқанда, «Дала қоңырауы» поэмасы ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің тағдыры туралы
баяндайды.
Сонымен қатар
нағыз интернационалист ретінде Ғ. Қайырбеков аударма ісімен де айналысты. Оның
күш-жігерімен Д. Байрон, А. Пушкин, М. Лермонтов, Т. Шевченко, И. Бунин, Р.
Ғамзатов, С. Есенин, Л. Толстой, В. Короленко, Ш. Петефи, А. Мицкевич, А.
Твардовскийдің шығармалары қазақ тіліне аударылды. Абай ат. Қазақстан
мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Халықтар достығы» орденімен марапатталған.
Ғафу ақынның
поэзиясының қуаты оның жан дүниесінің періштедей тазалығында, елімен өзінің
тағдырының егіз екеніне, өмірдің ұлылығына, Жаратушының қағидаларына деген
берік сенім мен адалдықта. Мұндай рухани байлық шығарманың көркемдік тынысы
болып табылады.
Назарларыңызға
Л. Н. Толстой атындағы ҚОӘҒК қызметкері Дәулет Жадырасын оқыған Ғафу Қайырбековтің өлеңінің бейнежазбасын
ұсынамыз.
Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://www.youtube.com/watch?v=5zu_Pt2qk7M |