Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Тіл – тәуелсіздік тұғыры»
11.01.2023

Әмбебап оқу залы қазақ әліпбиін кириллицадан латын қарпіне көшіру мәселелеріне арналған «Тіл – тәуелсіздік тұғыры» атты кітап көрмесін рәсімдеді. Қазіргі тіл реформасы – рухани жаңғырудың барлық бағыттарының құрамдас бөлігі.

Көрмеде қазақ жазуы қазақ халқының рухани, мәдени өсуі мен даму деңгейін көрсететін әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылып, оған ерекше көңіл бөлінген. 

Кез келген жазу – өткенді, бүгінді және болашақты байланыстыратын алтын көпір. Көрмеде болашақ ұрпаққа қарым-қатынас шеңберін кеңейтуге, ақпаратқа қолжетімділікті арттыруға, халықаралық тілдерді үйренуді жеңілдетуге мүмкіндік беретін қазақ тілі әліпбиінің латын қарпіне көшуінің артықшылықтарын көрсететін және түсіндіретін әдебиеттер ұсынылған.

Барлық тілек білдірушілерді кітап көрмесімен танысуға шақырамыз.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ