Құрметті оқырмандар! Назарларыңызға «Балаларды және балалық шақты қорғайық» атты виртуалды көрмені ұсынамыз.
Қазіргі әлемде балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен оларға күш көрсету мәселесі өткір күйінде қалып отыр. Бұл орайда «балаларға зорлық-зомбылық көрсету» ұғымы оларды тек ұрып-соғуды ғана білдірмейді. Мазақтау, қорлау, кемсітулер, қорлайтын салыстырулар, негізсіз сындар да олардың жанын жаралауы мүмкін. Балаларға айқай мен жаза қажет емес, ата-аналардың қолдауы мен келелі кеңесі, зұлымдық пен қатыгездік емес, жақсылық пен қамқорлық және сүйіспеншілік қажет. Жаза қолдану керек сияқты көрінетін жағдайдан шығуға немесе мұндай жағдайды болдырмауға көрмеде ұсынылған кітаптар көмектеседі.
Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://www.youtube.com/watch?v=AEfUVy6Y6B4