15 желтоқсанда, Қазақстанның Тәуелсіздігі күні қарсаңында Әмбебап оқу залы ҚР ТЖМ Қостанай облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ қызметкерлері үшін «Ұлы даланың жаңа дәуірі» атты ақпараттық сағат өткізді.
Іс-шара барысында отаншылдық мазмұндағы өлеңдер оқылып, бар әлемге мақтанышпен айтатын егемен еліміз – Қазақстан туралы әндер орындалды.
Іс-шараға ұсынылған «Менің жерім, менің Қазақстаным» кітап көрмесінде қазақстандық қоғамның нығаюы, мемлекеттің экономикалық, саяси және әлеуметтік дамуы жайындағы әдебиеттер қойылды.