14 желтоқсанда Өнер туралы әдебиеттер бөлімінің қызметкерлері Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Қостанай облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» КММ «Мәңгілік Ел – Страна моей мечты» атты көшпелі іс-шара өткізді.
Іс-шара бағдарламасы тәуелсіздік құндылықтарына арналды және әр қазақстандықтың әділ Қазақстанды құруға қатысы бар екенін сезінуіне, халықтың отаншылдығы мен азаматтық мәдениетін арттыруға ықпал ету болды.