14 желтоқсанда, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында Абонементтер бөлімінің қызметкерлері Қостанай автомобиль көлігі колледжінің студенттері үшін «Ұлы Даланың жаңа дәуірі» тарихи сағатын өткізді.
Іс-шара барысында ұлы даланың тарихына айналған, әрбір кезеңі бостандыққа жасалған қадам болған тәуелсіздіктің қалыптасу жылдары туралы айтылды. Студенттер өздеріне қажетті көптеген жаңа ақпарат алды. Колледж оқушыларына кітаптардың қысқаша шолуы, Қазақстанның тәуелсіздігі туралы бейнероликтер ұсынылды.
Іс-шара соңында студенттер Қазақстан тарихы бойынша білімдерін байқауға арналған викторинаға қатысып, оны жақсы білетіндерін көрсетті.