Әмбебап оқу залы кітап оқуды насихаттауға арналған «Бір кітаптың тарихы» жобасын жалғастыруда.
70 жыл бұрын әйгілі америкалық жазушы және журналист Эрнест Хемингуэй «Старик и море» повесін жазды. Осы шығармасы үшін 1953 жылы Хемингуэй Пулитцер сыйлығын алды, ал 1954 жылы жазушы Нобель сыйлығымен марапатталды.
«Старик и море» хикаясы – кубалық балықшы қарт Сантьягоның тарихы және оның өміріндегі ең үлкен олжасы болған алып балықпен күресі. Бұл адамның тағдыры туралы, соңының не боларын біліп болмайтын сұрапыл күшпен күресуі және осы жекпе-жектен жеңімпаз болып шыққан жалғыз адамның драмасы туралы шығарма.
Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://www.youtube.com/watch?v=C82Ml3Im4w8