Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Қазақстанның гендерлік саясаты – жаңа бағыт»
25.11.2022

«Бірігіңдер! Әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықты тоқтату үшін белсенді болайық» ұранымен өтіп жатқан  «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді әрекет» жаһандық науқанын қолдау мақсатында және Халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен күрес күні аясында Абонементтер бөлімінде «Қазақстанның гендерлік саясаты – жаңа бағыт» атты кітап көрмесі жұмысын жалғастыруда.

Гендерлік теңдікке қол жеткізу және гендерлік теңсіздікке қарсы іс- қимыл Қазақстан үшін басты басымдықтардың бірі болып қала береді. Патрисия Эванстың «Не бьет, просто обижает: как распознать абьюзера, остановить вербальную агрессию и выбраться из токсичных отношений» кітабы психологиялық зорлық-зомбылықтың ең көп таралған түрі – ауызша агрессия жайында. Әйелді алдап-арбаудың күшті тәсілі эмоционалды бопсалау болып табылады.  Сюзан Форвардтың «Эмоциональный шантаж» кітабында бұл құбылыстың табиғаты талданады және одан шығудың және қалыпты өмірге оралудың оңтайлы әдістемесі ұсынылады. Әйелге қатысты зорлық-зомбылық – әлемдегі ең көп таралған адам құқығын бұзу. Марьям Алиеваның «Не молчи» кітабы зорлық-зомбылықтың барлық сұмдығын жәбірленушінің көзімен көруге және зорлық-зомбылық құрбаны кінәлі бола алмайтынын түсінуге мүмкіндік береді. 

Барлығыңызды Абонементтер бөлімінде 2022 ж. 30.12. дейін жұмыс істейтін кітап көрмесін тамашалауға шақырамыз.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus