Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Ерекше адамдар әлемі» 24.11.2022 | Инклюзивті мәдениетті қалыптастыру аясында Абонементтер бөлімі М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің студенттері үшін «Ерекше адамдар әлемі» атты ақпарат сағатын өткізді. Іс-шара «Бибі-Ана» қайырымдылық қорының құрылтайшысы және президенті, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «АЛАШ» халықаралық сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, нақты оқиғаларға негізделген «Тауқымет» романының авторы Бибігүл Иманғазинаның 80 жылдығына орайластырылды. ХХ ғасырдың 90-жылдарында ол қазақ тіліндегі ең көп оқылатын шығарма ретінде танылды. 1994 жылы кітап «Жылдың ең көп оқылатын кітабы» байқауында бірінші орынға ие болды. Бибігүл Қабиқызы 90-жылдардың басында мүгедек аналардың мәселесін көтеріп, «Бибі-Ана» қоғамын құрды. 30 жыл ішінде ол мыңдаған отбасылардың мәселелерін шешіп келеді. Оның арқасында мүгедек аналардың 500-ден астам баласы жоғары білім алды. Бибігүл Қабиқызының шығармалары да қойылған кітап көрмесі студенттердің қызығушылығын тудырды. Сондай-ақ, «Они – люди с неорганиченными возможностями», «Қостанай облысының мүгедектер қоғамы» әлеуметтік роликтері көрсетілді. Іс-шара соңында тақырыптық викторина өткізіліп, ерекше адамдар әлемі, олардың ерік-жігері мен рухының беріктігі жайындағы кітаптарға бейнешолу жасалды. | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|