Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына орай Абонементтер бөлімі Қостанай қ. қорғаныс істері жөніндегі басқармасының өкілі Самат Мұханбетқалиұлы Тұрмағанбетовтың қатысуымен Қостанай инженерлік экономикалық университетінің студенттері үшін көшпелі іс-шара өткізді. Спикер өз сөзінде қазақстандық армиядағы қызмет туралы, қандай әскерлерге басымдылық берілетіні туралы, сондай-ақ жігіттер мен қыздардың әскери білім алуы туралы айтып берді. Іс-шараға қатысушыларға Қазақстанның Қарулы күштері жайындағы кітап көрмесіне бейнешолу ұсынылды.