16 қарашада Әмбебап оқу залы «Сенің өмірің – сенің таңдауың» атты сырласу сағатын өткізді. Қазіргі уақытта денсаулық пен салауатты өмір салты мәселесі, әсіресе жас ұрпақ арасында өзекті дүниеге айналды. Іс-шарада қарастырылған негізгі тақырыптар: темекі шегудің, алкогольді ішімдік ішудің, есірткі тұтынудың және адам денсаулығына зиянды әсер ететін басқа да улы заттардың зияны.
«Сенің өмірің – сенің таңдауың» кітап көрмесі және «Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығы» КМК консультативтік-диагностикалық бөлімінің психологы Г. А. Бейсембаеваның баяндамасы студент жастарға ерекше әсер қалдырды.