Кітап пен кітап оқуды ілгерілету жобасы аясында Өлкетану әдебиеттері бөлімі «Кітап және қаламгер» кітап көрмесінің бейнетаныстырылымдарын жалғастыруда. Бұл жолы назарларыңызға қостанайлық ақын, Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі, алғашқы тыңгер Николай Матвеевич Ковтунның шығармаларын ұсынамыз.
«Свет и тени» жинағына соңғы жылдары жазылған өлеңдер енген. Оларда автор өмірдің мәні, өткенмен байланысы, болмыс пен ғаламның мәңгілік заңдары туралы ой толғайды. Оның шығармашылығының негізгі тақырыбы – Отанға деген сүйіспеншілік, табиғаттың сұлулығы, адами қарым-қатынас, махаббат, достық, халқымыздың Ұлы Отан соғысындағы ерлігі, тың жерлерді игеру. Николай Матвеевич ерлігі мен батылдығы көптен күткен Жеңіске қол жеткізген ардагерлер туралы көп жазады. Николай Матвеевичтің өлеңдері көркем бейнелерінің айқындығымен және дәлдігімен ерекшеленеді, олар адамдарға деген шынайы сүйіспеншілікке толы.
Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: