Л. Н. Толстой ат. ҚОӘҒК қонақжайында Қазақстанның халық жазушысы Дмитрий Федорович Снегиннің туғанына 110 жыл толуына арналған «Жетісудың орысы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Д. Ф. Снегиннің шын тегі – Поцелуев. Оған бүркеншік ат қойған жазушы Виктор Черкесов. Ол таулардың биік шыңдарына қарап тұрып: «Митя, біздің көкпен таласқан тауларымызға қарашы, қар басқан шыңдары әдемі-ақ емес пе. Олардың қары жыл бойы жатады. Енді тыңдап көрші, Сне- гин! Снегин! Керемет емес пе?», – деген болатын.
Д. Ф. Снегиннің «Ветер с Востока» атты алғашқы өлеңдер кітабы 1934 жылы жарық көрді. Оның ең танымал тарихи романдары: «В городе Верном», «Утро и два шага в полдень», Ұлы отан соғысы туралы повестері: «На дальних подступах» (1948), «В наступлении» (1953), «Парламентёр выходит из рейхстага» (1962). Соңғысы жерлесіміз, Кеңес Одағының Батыры И. Я. Сьяновқа арналған.
Көрмеде Д. Ф. Снегиннің әр жылдары жарық көрген шығармалары, сондай-ақ оның өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптар ұсынылған.
Көрме 2 желтоқсанға дейін оқырмандардың назарына ұсынылады.