Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Жетісудың орысы»
10.11.2022

Л. Н. Толстой ат. ҚОӘҒК қонақжайында Қазақстанның халық жазушысы Дмитрий Федорович Снегиннің туғанына 110 жыл толуына арналған «Жетісудың орысы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Д. Ф. Снегиннің шын тегі – Поцелуев. Оған бүркеншік ат қойған жазушы Виктор Черкесов. Ол таулардың биік шыңдарына қарап тұрып: «Митя, біздің көкпен таласқан тауларымызға қарашы, қар басқан шыңдары әдемі-ақ емес пе. Олардың қары жыл бойы жатады. Енді тыңдап көрші, Сне- гин! Снегин! Керемет емес пе?», деген болатын.

Д. Ф. Снегиннің «Ветер с Востока» атты алғашқы өлеңдер кітабы 1934 жылы жарық көрді. Оның ең танымал тарихи романдары: «В городе Верном», «Утро и два шага в полдень», Ұлы отан соғысы туралы повестері: «На дальних подступах» (1948), «В наступлении» (1953), «Парламентёр выходит из рейхстага» (1962). Соңғысы жерлесіміз, Кеңес Одағының Батыры И. Я. Сьяновқа арналған.

Көрмеде Д. Ф. Снегиннің әр жылдары жарық көрген шығармалары, сондай-ақ оның өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптар ұсынылған.

Көрме 2 желтоқсанға дейін оқырмандардың назарына ұсынылады.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus