Құрметті оқырмандар, Өнер туралы әдебиеттер бөлімі назарларыңызға кеңестік қазақ домбырашысы, әнші МүгілсімАхметқызының туғанына 125 жыл толуына арналған «Арқаның Аққызы» атты кітап көрмесін ұсынады.
Мүгілсім Ахметқызы (Аққыз деген атпен көбірек танымал) – кеңестік қазақ домбырашысы, әнші. Арғын тайпасының Тобықты руының Ақсақ-дадан тармағынан шыққан. Күйші Тәттімбеттің дәстүрін жалғастырды. А. Хасеновтың басшылығымен орындаушылық шеберліктің шыңына жетті.
Көрмеде ұлттық музыка туралы, күйдің негізін қалаушылар туралы, қазақтың ұлттық аспабы – домбырада ойнауды үйренуге көмектесетін «Домбыра ойнау оңай ма?», «Домбыраның қоңыр үні» Ж. Нәжімеденов, «Қазақ музыка әдебиеті» П. Шегебаев, «Кюй – послание Всевышнего» А. Есенұлы секілді әдебиеттер ұсынылған.
Кітап көрмесі ай бойы жұмыс істейтін болады.