Құрметті оқырмандар, Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімі назарларыңызға «Ақ таяқ – ең жақын досымыз және көмекшіміз» көрме-ақпаратын ұсынады.
Соқыр адамға арналған таяқ жай ғана құрал емес. Дені сау адамдарды ескертуге арналған шартты белгі де емес, оны зағип жанның «көздері» деуге болады.
Халықаралық Ақ таяқ күні – бұл мүгедектер мен дені сау адамдардың құқықтарын теңестіруге, біріншісіне өздерін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезіндіруге, ал екіншілеріне физикалық кемістігі бар адамның тағдырын түсіндіруге ұмтылу болып табылады. Нәтижесінде, бір-бірін барлық болмыстарымен: артықшылықтарымен, мінездерінің жағымсыз және жағымды жақтарымен, қиындықтарымен және ерекшеліктерімен түсіну және қабылдау күтіледі.
Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер:
https://www.youtube.com/watch?v=1TrhQBa09hI&t=13s