Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Сейілбек Мырзабайдың «Балалықтан даналыққа» кітабының тұсаукесері
21.10.2022
Қазақ әдебиеті апталығы аясында даналық пен даралықты насихаттайтын, өмірдің мәнін іздеген жандарға арналған экзистенциялық әдебиеттерді дәріптеумен, отбасы құндылығын, дәстүрлерін насихаттаумен айналысатын «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорының командасымен кездесу өтті. Кездесуде Сейілбек Мырзабайдың «Балықтан даналыққа» атты кітабының тұсаукесері өтті. Білімі бойынша психолог болып табылатын автор балаларды түсінуге және оларға білім беруге қатысты өзінің көзқарасын білдірді. Баланы тәрбиелеу және оны тұлға ретінде дамыту бойынша кеңестер берді.
Сондай-ақ «Отбасы хрестоматиясы» баспасының «Логотерапия немесе өмірге ғашық болу», «Яссауи феномені», «Өмірге ғашық болу», «Махаббаттың мәні», «Өркениетті адам», «Әділ патша», «Мың сұрақ», «Экософия немесе киелі табиғат»  секілді кітаптары таныстырылды.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ