21 қазанда Л. Н. Толстой ат. ҚОӘҒК Қостанай облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Болат Хамзаұлы Тілеубаевтің көру қабілеті нашар оқырмандармен кездесуі өтті.
Қазіргі кезде күнделікті өмірде орын алып жататын мәселелерді шешуді заң саласындағы мамандарға тапсыруды қажет ететін жағдайлар жиі туындап жатады. Көбінесе адамдар орын алған оқиғаны кімге айтарын білмейді, адвокатқа жүгіну керек пе әлде заңгерге бару керек пе деп бастары қатады. Осы және басқа сұрақтарға оқырмандар жан-жақты жауап алды. Кездесу нәтижелі және пайдалы болды.