20 қазан күні Қазақ әдебиеті апталығы аясында Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы, драматург, қоғам қайраткері, жерлесіміз Төлен Әбдікпен кездесу өтті.
Төлен Әбдік – қазіргі қазақ әдебиетіне зор үлес қосқан автор. Оның шығармалары туған жерге деген сүйіспеншілігімен, қоғам мен адамгершілік мәселелеріне назар аударуымен, рухани құндылықты дәріптеуімен және оқиғаны өзіне тән үлгіде баяндауымен ерекшеленеді.
Іс-шара барысында Төлен Әбдік өзінің шығармашылық жолы туралы, оны шабыттандыратын авторлар туралы, жазушылықтан басқа айналысатын әуестіктері туралы айтып берді.
Кеш достық ахуалда өтті, көрермендер өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Іс-шара соңында Төлен Әбдік кешке қатысқан жастарға түрлі кеңестер беріп, олардың алдағы өмірлеріне сәттілік тіледі.