20 қазанда Әмбебап оқу залы Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Қостанай облыстық ауруханасы» КМК ұжымы үшін ұлттық мереке – Республика күніне арналған «Болашаққа ұмтылған ел» отаншылдық сағатын өткізді және «Менің жерім, менің Қазақстаным» атты кітап көрмесіне шолу жасады.
Республика күні – еліміздің басты ұлттық мерекелерінің бірі. Бейбітшілік, ұлт өкілдерінің ұлттық мәдениеттерінің бірлігі, түрлі діндердің өзара келісімі – барлық қазақстандықтарды біріктіруші идея.
«Менің жерім, менің Қазақстаным» кітап көрмесінде Қазақстан тарихы, оның мәдениеті мен дәстүрлері, тәуелсіздіктің бастауында тұрған және біздің заманымызда Қазақстанның дамуына тікелей ат салысып жүрген тұлғалар туралы қызықты, мазмұны бай және көркем безендірілген кітаптар ұсынылған.